Киелі Рух біздің жан-дүниемізде

Біздің кейбіреуіміз былай ойлаймыз: «Егер Иса қазір осы жерде өмір сүрсе, және біз Оны көрсек, Оның соңынан қайда болсада еретін едік». бірақ Езекиел 36:26-27-аяттарда Құдай былай дейді: «әрі бойларыңа өз Рухымды дарытамын. Осылай сендерді бұйрықтарыма сәйкес өмір сүріп, ережелерімді мұқият орындайтын қыламын». «Бойларыңа» деген сөзде бір ерекшелік бар. «Бойларыңа өз Рухымды дарытамын». Меннің өмірімде Оның Рухы менің бойымда екендігіне байланысты еске түсірулерге ерекше мұқтаж болған сәттерім болды. Мен осы үзіндіні оқып болғаннан кейін, көптеген күндер бойына осы сөздердің әсерімен жүрген кездерім есімде: «Оның Рухы менің бойымда!». Мәсіх Өзі жеке шәкірттерінің қасында болғанындай, осы күнде менің өмірімдегі қатысуы сондай шынайы. Біздің бойымызда өмір сүретін Рух – таңқаларлық шынайылық, бірақ біз өте жиі тіптен Оған ешқандай назар аудармаймыз.

Киелі Рух қай жерде өмір сүреді

Қорынттықтарға 1-хат 3:16-да былай делінген: «Сендер өздеріңнің «Құдайдың Киелі үйі» екендіктеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме?». Андрэ Мюрренің осыған байланысты «Мәсіхтің Рухы» атты кітабындағы толғаныстары мен үшін өте пайдалы болып болып шықты. Ол Яһудейлердің ғибадатханалары үш ауладан тұратынын жазды: Сыртқы, ішкі және Ең Киелі орын.

Мюррей біздің тәндерімізді сыртқы ауламен теңейді. Ішкі аула – бұл біздің ой-санамыз, еркіміз және эмоцияларымыз. Сонымен қатар біздің ішімізде Киелінің Киелісі бар, ол жерде Құдай Рухы мекендейді. Киелі Рух біздің рухымызда өмір сүреді. Сонымен, әрқайсымыздың ішімізде Киелінің Киелісі бар. Тараудың 17-аяты былай дейді: «Себебі Құдайдың «Киелі үйі» — Оның қасиетті меншігі. Ал осы «Киелі үй» — сендерсіңдер!». Киелінің Киелісінің біздің ішімізде бар екенін ұғыну, біздің өз-өзімізді дұрыс қабылдауымызға көмектеседі.

Біз өзіміздегі үйді қалай тазалықта ұстай аламыз? Мәсіхті қабылдағаннан кейін, Оның қаны бізді тазартады. Біз осы тазалықты сенімімізбен сақтаймыз – Құдайдың сөзіне сенеміз.

Мен Жоханның 1-хаты 1:9-аятын мәсіхшінің «кесек сабыны» деп атағанды жақсы көремін. Бұл жерде былай айтылған: «Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады».

Соңғы рет, сіздің қолыңыз өте лас болған кезде, оларды жуып жатып, қолжуғыш алдында тұрып осылай ойлаған ба едіңіз: «Енді бар ластық қайда кетті екен? Мені бұл қатты уайымдатады!». Сіз ол туралы мүлдем ойлаған жоқсыз. Сіз тек сеніммен, барлық кірдің су құбырына кеткенін қабылдадыңыз. Біз дәл солай әрекет етуіміз керек. Егер біз күнәларымызды мойындасақ, Ол сенімді де әделетті болғандықтан бізді кешіріп, БАРЛЫҚәділетсіздігімізден тазартады. Біз Оның кешірімін, тіпті оны көрмесек те не сезбесек те, сеніммен қабылдауымыз керек.

Киелі Рух бізді әрдайым Мәсіхке сілтейді. Ол бізді әрдайым кешірімге жетелейді, айқышқа және Мәіхтің қанына. Ол әрдайым айыптаудан бостандықты жариялайды. Неліктен? Өйткені Римдіктерге хат 8:1 былай дейді: «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды».

Ал әзәзіл не істейді? Ол сізден Құдай сыйлаған тыныштығын ұрлап кеткісі келеді. Шайтан сізді артқа қарап, сіз жасаған сұмдық күнәларыңызды есіңізге түсіруге мәжбүрлегісі келеді. Сіз бұл естеліктеріңізді үнтаспадағыдай қайта-қайта айналдыра бересіз. Бізге керекті нәрсе – бұл барлық осы күнәларымызды айқыштың аяқ астына алып келіп былай деуіміз: «Тәңір Иса, бұл күнәлар менің құтқарушыға мұқтаж екендігімнің куәлігі ғана. Құдай, Мәсіхтің қаны мені барлық күнәдан тазартқанына алғысымды айтамын». Өз күнәларыңызға Мәсіхтің айқышы арқылы және Оның қаны арқылы қараңыз, сонда Құдайдың тыныштығы жүрегіңізді толтырады. Ескі күнәларыңызды есіңізге алмаңыз. Сеніммен Құдайдың кешірімін қабылдаңыз.

Киелі Рух бізге сөйлейді

Ал Құдай сіздің назарыңызды аударатын қазіргі күнәлармен не істейміз?

Құдай менің жүрегіме басқа адамдармен қарым-қатынасым арқылы жиі әсер етеді. Менің өмірімде, өзімді жылдар бойы шаршататын қарым-қатынастар болды. Маған сол адамды көтеру қиын болғаны соншалық, маған тіпті мынадай ойлар келе бастайтын: «Егер ол аспанда болса, мен сол жаққа барғым келмейді». Мен оған саусағыммен көрсетіп, сынап-мінеп, айыптайтынмын. Одан кемшіліктерін іздегіштейтінмін. Ол жайында ешқандай жақсы нәрсе айта алмайтынмын. Сонымен қоймай мен осыларды істей тұра өзімнің қылықтарымды әрдайым ақтап шығатынмын.

Бірде Иса маған Лұқа жазған Ізгі хабар18:9 аятына сілтеді: «Өздерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді». Мен өзімнің осы адамға жоғарыдан қарағанымды түсіндім. Иса мынадай астарлы әңгімені айтып берді:

«Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен. Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын». Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады».

Иса астарлы әңгімені былай деп түсіндірді: (Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны (қолын кеудесіне қойып: Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр! - деген) Құдай кешіріп, ақтаған еді. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады».

Мен осыны оқығаннан кейін былай дедім: Құдай, мен парызшылдар іспеттімін, және осыны жек көремін. Мен бұл адамды төментетіп жүрмін». Мен өз жүрегіме үңілуім керек екендігін түсіндім. Мен одан қызғаныш, сүйіспеншіліктің жетіспеушілігін, тәкаппарлықты, ашу-ызаны, айыптаушылықты байқадым. Сонда мен Ғалаттықтарға хат 5:16-23-аяттарын оқыдым. Ал мен былай деймін: Киелі Рухтың күші мен жетегінде өмір сүріңдер, сонда ескі күнәкар болмыстарыңның қалауы іске аспайды… Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық; жалған тәңірлерге табынушылық пен сиқыршылық; қаскөйлік, ұрыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, жеке бастың абыройын ойлау, алауыздық туғызу, жік салу, күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар….

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.

Кей кезде біз осы күнәлардың тізіміне қарап былай дейміз: «Ал мен бұл жерден өзімді көріп тұрған жоқпын». Білесіздер ме біз не істеуді ұмытып кететінімізді? Біз өзімізді рухани «жеміс» тізімі бойынша тексеріп өзімізге мынадай сұрақ қоюымызды ұмытып кетеміз: Мен сүйіспеншілікте қаншалықты жетістікке жетудемін? Мен қаншалықты игімін? Мен қаншалықты адалмын? Мен қаншалықты кішіпейілмін?». Біз өз өмірімізді Рухтың жемісімен емес, күнәлармен бағалауға икемдіміз.

Андрэ Мюррей былай деген: «Киелі бірақ жүрексіз мәсіхшілер қайдан пайда болады?». Ол былай деп жалғастырады: «Олар сүйіспеншілік Рухы жайында тіпті білмейді де. Тек қана Киелі Рух бізде осы сүйіспеншілікті істеп шығара алады».

Мен өзімнің жәбірлеушім жайында толғанғанда, маған Петірдің 1-хаты 3:8-9 есіме түсті: «Қорыта айтқанда, бәрің де өзара ниеттес, қуаныш пен қайғыға ортақтас, бір-біріңді туған бауырлардай сүйетін, қайырымды да кішіпейіл болыңдар. Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер...».

Мен үшін, осы адам маған зұлымдық жасап мені ретжіткен болып көрінді. Бірақ «Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес» деген сөз дерден кейін «ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді» делінген.

Мен өз жүрегімді қандай нәрсе толтыратынын көрген кезде, мен парызшылдарға ұқсайтынымды мойындап тәубе еттім, мен былай сиындым: «Құдай мендей күнәкарға қайырымды болшы. Тәңір, маған осы адамды қалай жарылқай алатынымды көрсетші». Сол кездері мен Анлгияда едім, және сатушы сөресінен айтарлықтай қымбат кітапты көргенім есімде, және ол оның көңілінен шығатынына нық сенімді болдым. Америкаға келесі сапарымда мен сол кітапты оған силадым. Оның қаншалықты елжіреп кеткенін сіздерге сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл ол үшін соншалықты маңызды болды, Құдай осы сүйіспеншіліктің белгісін оның өмірінде құдіретімен қолданды деп ойлаймын.

Киелі Рух бізге өзіміздің қай жерімізде әліде Мәсіхке ұқсап өзгермегенімізді көрсетуде әрдайым сенімді болады. Ол менің жағдайымда сенімді болып, маған Мәсіхке қай жерімде ұқсас емес екендігімді көрсетті. Егер біз әрдайым Құдай сөзінде тұрсақ, және Киелі Рухтан бізді Оған ұнамды жолмен жетелеуін сұрасақ, Ол біздің өмірімізде Рухтың жемістерін жетілдіретін болады: «сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық».

Иса былай деді: «Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер! Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым» (Жохан жазған Ізгі хабар 15:9,11).

Нэй Бэйли – «Сенім – сезім емес» кітабының авторы.