Құдай менен нені күтеді?

Егер сіз мен сияқты көптеген басқа мәсіхшілерге ұқсас болсаңыз, онда сіз өз өміріңізбен Құдайға ұнамды болғыңыз келеді. Дегенмен, егер шынын айтар болсақ, кей кезде тынбай шынайы мәсіхшіге сай өмір сүруге тырысудан шаршайсыз. Кей кездері өмір жүгі тым ауыр іспетті көрінеді.

Мен атеист кезімде күнә меселесі есіме кіріп те шықпайтын. Мен күнәның өмірімде бар екенін ұғынбаған да едім. Шынын айтқанда, мен онша да өз кінәмді сезінетіндей жағдайда болмаған едім. Бірақ мәсіхші болғаннан бастап... аһ... өмірімде жасап жүрген кейбір істердің Құдайға ұнамсыз екенін білдім. Сонымен қатар мен жақынымды сүйу керек екенін, Киелі кітап оқу, мінажат ету, басқаларға Мәсіх туралы бөлісуім керек екенін, басқаларды бағдарлау керек екенін және тағы басқаларын білдім. Кей кездерде мен былай ойлайтынмын: «Мен атеист болған кезімде өмір сүруім жеңілірек еді ғой». Ал Құдайды танығаннан соң маған үлкен жауапкерліліктің артылғанын түсіндім, ол Құдайға ұнамды болу. Кейде, Киелі кітап аяттарын кезегімен оқып отырып өз-өзіме: «Міне, маған да осылай жасау керек, осыны да, ананы да көбірек істеу керек» деп айтатынмын.

Бақытқа орай, Құдай маған ақиқатты Өз Сөзінен үйретті, және осы ақиқат мені аса жауапкершілікті іс-әрекетпен жетістіктерге деген жүз пайыз назарымнан босатты, содан мен Құдайды қайта көре алдым және бар жүрегіммен Онымен қарым-қатынасымнан рақат таба алдым. Жаңа Келісім тағылымынан біз өте маңызды қағиданы ашамыз. Ол Римдіктерге, Ғалаттықтарға, Ефестіктерге, Қорынттықтарға арналған 1-ші және 2-ші хаттарда қозғалады, ол барлық жерде кездеседі.

Міне мынадай қағида: Құдай сізден Оның өсиеттері мен жарлықтарын мүлтіксіз орындағаныңызды күтпейді. Егер адам мінсіздікке өзі жете алатын болса, онда Құдайдың жер бетіне келіп, біз үшін жанын құрбан етудің қажеті болмас еді. Бірақ Ол келді және біз үшін жанын құрбан етті.

Иса көптеген адамдарды: «Көктегі Құдай Әкелерің қандай мінсіз болса, сендерде сондай мүлтіксіз болыңдар» деп үйрететін. Сонымен, расында Құдай заңы, Оның өсиеттері мінсіздікті талап етеді. Егер Құдай бізді Оның өсиеттерін орындауымызға қарай қабылдайтын болса, онда біз мінсіз болуымыз керек. Исаның бізді күнәларымыздың жазасын тартудан құтқаруға келгені таңқаларлық жайт емес.

Құдай Өзінің мінсіздігі мен біздің күнәкарлығымыздың арасында шексіз тұңғиық бар екенін біледі. Тіпті мәсіхші бола тұра, осы тұңғиықты алып тастап, өзімізді жайлы, Құдайға жақын сезінуіміз үшін ұдайы іштей кернеу сезінеміз. Кейбіреулер Құдайдың стандарттарын төмендету арқылы өздерінің Құдаймен арасын жақындатуға тырысады: «Шын мәнінде Құдай мына нәрсені айтайын деген жоқ...» Басқалары осы шыңыраудан Құдай үшін ерен еңбек ету арқылы арылғысы келеді: «Мен Құдайға ұнау үшін тағыда тырысамын...».

Ал осы шыңырау жайында Құдай не дейді? Ол бар және әрдайым болады да. Бірақ сіздер, Мәсіхке сенімін артқандар, Оны өз өмірлеріне қабылдағандар, сіздер кешірілдіңіздер, әділетті деп жарияландыңыздар, сіздер Оның көз алдында құндысыздар, Оның қамқор қолындасыздар. Сіздер толықтай Оның меншігісіздер, және Ол сіздерді арада тұрған шыңырауға қарамастан шартсыз сүйеді.

«Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз. Құдайдың осы рақымына бізге Иса Мәсіхтің арқасында, сенім арқылы жол ашылды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанатты ұлылығын көреміз деген үмітімізге қатты шаттанамыз!»1

Әйтсе де, Құдай бізден қандай-да бір қарымтасын қайтаруды күтеді деп ойлай бастауымыз мүмкін. Бұл мақаланың мақсаты – сізге игі істер жасау арқылы Құдайды қанағат ету керек деген түйсік тұзағының бар екенінен алдын ала сақтандыру. Киелі жазба осы туралы ескертеді, өйткені бұл бізді Мәсіхті танып-білуден келетін қуаныштан айырады.

Қанеки, біз Құдай Өз сөзінде Оған қандай көзқараста болуымыз керек екендігі жайында не жазғанына мұқият зер салып көрейік. Біздің осы әлемде Құдайдың алдында қалай жүруіміз керек екендігін білуіміз үшін, Құдайдың біз үшін қойған басты қағидаларына қарайық.

Сіз қалай Мәсіхші болдыңыз

Сіздің сенімге келу барысыңызда Құдайдың жауапкершілігі мен рөлі қаншалықты зор екенін қараңызшы; Оның жауапкершілігін сіздің мәсіхші болуыңыз үшін салған күшіңізбен салыстырып көріңізші.

  • Құдай сізді әлем жаратылмас бұрын таңдап Өзінікі деп атады.2
  • Құдай сіз үшін жер бетіне келді.3
  • Құдай сіздің күнәларыңыз үшін құрбан болды.4
  • Құдай сіздің құтқарылуыңыз үшін ізгі хабарды естуіңізді бұйыртты.5
  • Құдай сіздің өміріңізге орын алатынын айтты.6
  • Құдай сізге Оны білуге және Оның сүйіспеншілігіне жауап беруге деген қалау берді.7
  • Сіз Оған бет бұрып, Оны өміріңізге қабылдадыңыз.
  • Құдай сіздің өміріңізге еніп сізді ақталған және кешірілген деп жариялады, Өзінің баласы деп атады.8

Сіз Құдайдың шақыруына жай ғана сеніммен жауап беріп, мәсіхші аталдыңыз. Ол сіздің әрі қарайда дәл солай өмір сүргеніңізді қалайды… жай ғана Құдайға сеніммен жауап беруде. Сіз: «Бұлар тым қарапайым болып көрінеді» деп ойлауыңыз мүмкін. Мәселе дәл осыда, мәсіхшілердің барлығы дерлік бір кездері өзін осындай ойдан ұстай алады. Неліктен?

Адамның табиғатының бір бөлігі, Құдайға бізге бергендері үшін ісімізбен қайтаруымыз керек деп ойлаудан байқалады. Адамдарға тән тағы бір жайт мынау: Егер олар Киелі кітапта не жазылғанын, мінажат жайында, немесе адамдарды Құдайға қалай әкелу керек екендігі жайында біраз білсе, онда «жақсы мәсіхші болу» үшін барлық жауапкершілікті алатын уақыт келді деп ойлау. Өзін Құдайды танудағы қуаныштан арылтатын бұдан асқан тәсіл жоқ.

Ал егер сіз өзіңіз осындай қате тұжырымға келмесеңіз, онда өкінішке орай Құдайдың сізден бұданда ұлы істерді күтетінімен басып, сізді кінәлі сезіндіретін, басқа мәсіхшілер табылады.

Құдай сізбен қарым-қатынасты орнатқанда, барлық жауапкершілікті сізге артып қойған жоқ. Бұл қарым-қатынасқа деген жауапкершілік ең алдымен Оның Өзінде. Мұны Киелі кітап үзінділерімен сипаттайық:

Құдай бізді қалай қабылдайды?

Сіз Оның рақымымен кешірілген болып жарияландыңыз (Оның мейірімімен), Исаның сіз үшін алмастыру құрбандығымен. Сіз Исаның сіздің күнәңізді өтегеніне сенуіңізбен Оның кешірім сиын қабылдадыңыз, солай емеспе? Сіз өз кешіріміңіз үшін еңбектенген жоқсыз. Сіз жай ғана Құдайдың сізге «кешірілдің» деген сөзіне сендіңіз.

«Алайда Құтқарушы Құдайымыз Өзінің қайырымын және адамзатқа деген зор сүйіспеншілігін айқын көрсеткенде бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып»…9 «Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді».10

Енді сіздер сенуші болғаннан бастап, тәртіп өзгерді ме? Құдай сіздерден не күтетіні жайында ұзақ тізім жазып берді ме? Жоқ. Қазір сіздер былай деулеріңіз мүмкін: «Кідіре тұршы, Киелі кітап өсиеттерге ТОЛЫ емес пе? Сіз одан өмір сүруге нұсқалмаған бір тармақта кездестірмейсіз». Бұл шынайы ақиқат. Алайда, Құдай сізге өсиеттерін бере тұра, Ол сонымен қатар сіздер бұларды толығымен ұстана алмайтындарыңызды айтады.11 Ол тіпті сіздердің оларды орындауға қаншалықты күш салып зейін қойсаңыздар, соншалықты оны орындай алмайтыныңызға көзіңіздің жететіні туралы айтады.

Елші Пауыл өзінің тәжірибесін айтқанда осы туралы еске салады. Ол Құдай заңына қарап былай деді: «Ендеше Таурат заңы қасиетті, өсиет те қасиетті, әділ және игі». Алайда, өсиеттерге сай өмір сүруге барынша тырысқанымен, ол күнә жасауын жалғастыра берді. Ол былай деді:»…қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін … Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын».12 Толықтай қапаланған ол былай деп жар салады: «Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлі тәнімнен мені кім құтқара алады? Құдайға шүкір, Иеміз Иса Мәсіх арқылы».13

Егер сіз өзіңізді жаман мәсіхші, күнәлі, айыпты сезінсеңіз, күнәларыңызды Киелі жазбаға сай қарастырыңыз. «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді)».14 «Енді біз Мәсіхтің қаны төгіліп құрбан болғандығы арқылы ақталған соң, Оның арқасында Құдайдың қаһарынан мәңгілік құтқарылатынымыз да сөзсіз! Себебі бұрын біз Тәңірге әлі де қас болған кезде Оның рухани Ұлының өлімі арқылы Құдаймен татулассақ, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы толықтай құтқарылатынымыз сөзсіз!»15

Сонымен, сіздер Құдай өсиеттерін көргенде, оны өзіңіздің күшіңізбен орындауға тырыспаңыз… қайта сізде Киелі Рухы арқылы өмір сүретін Құдайдан күш беруін сұраңыз. Егер Құдай жақыныңды сүйу керек десе, онда сіздің бар ынтаңызбен күш салып Құдайға өз сүйіспеншілігіңізді көрсете бастауыңызды қалайды дегенді білдірмейді. Оның орнына сіздің Оған тәуелді болғаныңызды қалайды: «Құдай, мен бұл адамды өз күшіммен сүйе алмаймын, бірақ менің жүрегіме төгілген Сенің сүйіспеншілігің, сол менен қаншалықты сүйуімді қаласаң соншалықты шығарылсын».

Айырмашылық неде?

Құдайдан тәуелсіз мәсіхшілік өмірмен, Оған ұдайы тәуелді болып Құдайдың қатысуын көрсететін өмір сүру арасында айырмашылық бар. Біз Құдайдан тәуелсіздігімізде кемелділікке жете алмаймыз. Біз Оған тәуелді болып қала бергенімізде ғана кемелдене түсеміз, және Құдайдың қалауы да осы. Ол сіздің Онымен қарым-қатынаста болып, Оған сенім артып, Оған сүйеніп, бостандық пен сүйіспеншіліктен рахат алғаныңызды қалайды.

Киелі кітап Құдайдың өсиеттерін «заң» деп атайды. Сіз мәсіхші болғандықтан, енді заңның астында емессіз және соттың орындалуын күткен айыпталудың астында емессіз. Сіз кешірілдіңіз және мәңгілік өмірге иесіз. Сіз заңның талабынан азат етілдіңіз.

Пауыл былай деді: « ... адамдардың Таурат заңын ұстану арқылы емес, тек Иса Мәсіхке деген сенімдерімен ғана Құдай алдында ақталатынын білеміз. Сондықтан біз де Таурат заңын орындаудың арқасында емес, Мәсіхке сенуіміз арқылы ақталу үшін сенімімізді Мәсіх Исаға арттық. Себебі заңды орындаумен ешбір адам ақтала алмайды».16

Пауыл Құдайдың өсиеттеріне қаншалықты назар аударады? «Адам өлгенде заңға бағынудан босайтыны сияқты, мен де Таурат заңы бойынша өлімге кесіліп, сол заңды орындаудан босатылдым. Ондағы мақсат — менің Құдай үшін өмір сүруім. Мен рухани жағынан Мәсіхпен бірге айқышқа шегеленіп өлдім, сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті! Осылайша Құдайдың рақымын жоққа шығармай, соған ғана сүйенемін. Себебі егер Таурат заңын орындау арқылы ақтала алсақ, онда Мәсіхтің Өзін өлімге қиғаны бекер болғаны!»17

Сіз Мәсіхті қабылдамай тұрғанда Құдайдан бөлектенген болдыңыз, сіз тек Оның өсиеттерін біліп қана қойып, Құдайдың сотының астында болдыңыз. Бірақ қазір сіз Мәсіхті білесіз және Оның Рухы сізде өмір сүреді.

«Жаратқан Ие мынаны айтады: Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді жүректеріне дарытамын әрі ақыл-саналарына «жазып» та қоямын».18 Бұған Ол мына тәрізді сөздерді қосты: «Мен олардың күнәлары мен әділетсіз істерін бұдан былай есіме алмайтын боламын» Сонымен, сыртқы заңның орнына Құдай Өзінің заңын біздің жүрегімізге енгізді, және Киелі Рух бізде әрекет еткенде, бойымызға Құдайға ұнамдыны орындауға деген қалауды өрбітеді. Сіздің Құдайды танып білуіңізде өсуіңізге қарай, Ол бойыңызда Киелі өмір сүру жайлы қалауыңыз бен қабілетіңізді қалыптастырады.

«Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын. Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да».19

Сіздің жердегі өміріңізге байланысты Құдайдың жоспары бар, Ол сіздің өміріңізді басқалардың сіз арқылы жарылқануы үшін, сондай ақ Оның даңқы үшін қолданады. Енді сіздің бойыңызда өмір сүріп, игі істер тудыратын Онымен қарым-қатынасыңыз бар.

Күнәмен не істеуіміз керек?

Ал енді сізге сұрақ қоюға рұқсат етіңіз: Сіз Құдайдан өзіңізді белгілі бір салада өзгертуін, күнәлі әдеттен босатуын сұрадыңыз делік, бірақ қазір әліде шынайы жеңісті көріп тұрсыз деп айта алмасыз. Әліде бұрынғыша тым ашушаң болсаңыз, әлде қандайда біз азғырылуға беріліп қойсаңыз, сіздің ойыңыздағыдай мінажат етіп, немесе қалағаныңыздай Киелі кітап оқымасаңыз қалай? Мүмкін, сонда өзіңіздің рухани өсуіңізге байланысты барлық жауапкершілікті өз қолыңызға алатын уақыт келді деп ойлайтын боларсыз? Жоқ. Егер өзіңізді іс-әрекеттеріңізбен бағалай бастасаңыз, неғұрлым қойған деңгейге жетуге тырыссаңыз, соғұрлым Құдайдан алшақтай бастайсыз, соғұрлым Мәсіхті танып білуіңізде қуанбайтын боласыз.

Жер бетіде өмір сүру бойы біз күнә жасаймыз. Біз ешқашан осы жерде кемелді болмаймыз. Бұл тек сізге емес, Құдайғада аян. Егер өзіңізде күнәні байқасаңыз, соны мойындап тәубе етіңіз, және Оның уәдесіне сеніңіз:

«Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады».20

Құдайға өзіңізді өзгертуге жол беріп, шыдамдылық танытыңыз.

Құдайдың тұлғалығын танып білуге мұқият ден қойыңыз. Оны мінажат ету арқылы, Киелі кітап оқу, басқа сенушілермен араласу арқылы көбірек танып білуге тырысыңыз… осылардың бәрі пайдалы әрі жақсы. Бірақ сіздің сеніміміз өзіңіздің талпынысыңызға емес, Құдайдың күшіне және Оның сіздің өміріңіздегі жұмсына артылуы тиіс. Иса мұны жүзім бұтасы және оның сабағымен салыстырады. Иса – жүзім бұтасы, ал біз – сабақтарымыз. «Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар».21

Иса сөзін жалғастырып былай деді: «Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер».22

Исаның "өсиеттерімді орындаңдар" деген сөзімен не керек?

Дұрыс өмір сүру, ол дегеніміз, өмірің Құдайдың тереңдігімен, қуанышымен, сүйіспеншілігімен толы болуы, Иса айтқандай ағыл тегіл мол өмір сүруіміз, Оның айтқанын орындағанда мүмкін болады. Иса былай деді: «Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер. Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым».23 Ол сіздің Өзінің айтқанындай, және мәсіхші ретінде, сүйіспеншілік пен қуанышты сезініп өмір сүруіңізді қалайды. Бірақ Оның өсиеттерін Оған сүйене отырып орындай аласыз.

Сондықтан мен Киелі кітаптан «Осылай істе….» деген аяттарды тапқанда, мен бірден Құдайға былай деймін: «Бұл өте жақсы. Мен Саған өз өміріммен ұнамды болғым келеді және өтінем Өзіңнің Рухың арқылы менде осыларды іске асыршы. Саған осылай мойынсұна алуыма күш берші. Құдай, мен өз күшіммен тырыссам осыған жете алмаймын. Бірақ Сенен менің ой санамды өзгертуіңді сұраймын, немесе менің өмірім осы аятта жазылғанға сай келетіндей өміріме әрекет етуіңді сұраймын». Осыдан кейін мен еш уайымдамаймын. Мен бұл аятты жазып алып, сол туралы толғанып, тіпті жаттап та ала алмын. Ал менің осыған сай өзгере алатыныма деген сенімім Құдайға негізделген.

Ол сізді заңнын талабынан азат етті, және Өзіне шақырады, Одан тыныштық таба алуыңыз үшін, Оған тәуелді болып… толық Онымен тығыз байланысыңызда рахаттануыңыз үшін.

«Сол сияқты сендер де, бауырластарым, Мәсіхтің тәні өлгенде рухани тұрғыдан Онымен бірге «өлдіңдер», сонымен Таурат заңын орындау міндетінен босадыңдар. Енді сендер басқа Біреудің қарамағындасыңдар: Ол — өлімнен қайта тірілген Мәсіх».24

«Ал енді біз өзімізді байлап қойған Таурат заңын орындау міндетінен босатылдық, себебі рухани тұрғыдан «өліп», оған жоқ болдық. Ендеше Құдайға бұрынғыдай тек заңның баптары бойынша емес, Киелі Рухтың жетелеуімен жаңаша қызмет етеміз».25

«Адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатты, енді Оның құрбандық өліміне сенетіндер ақталады».26

«Ал егер адам Құдай алдында ақталу үшін өзінің игі істеріне сүйенбей, күнәкарды кешіретін рақымды Құдайға сенімін артса, онда ол осы сенімінің арқасында ақталады».27

(1) Римдіктерге хат 5:1,2 (2) Ефестіктерге хат 1:4; Тімотеге 2-хат 1:9 (3) Жохан жазған Ізгі хабар 3:16 (4) Римдіктерге хат 5:8 (5) Ефестіктерге хат 1:13 (6) Аян 3:20; Жохан жазған Ізгі хабар 1:12,13 (7) Аян 3:20 (8) Жоханның 1-хаты 3:1; Қолостықтарға хат 1:13,14; Ефестіктерге хат 1:4; Жохан жазған Ізгі хабар 1:12 (9) Титке арналған хат 3:3-7 (10) Ефестіктерге хат 1:7 (11) Римдіктерге хат 3:20 (12) Римдіктерге хат 7:18,19 (13) Римдіктерге хат хат 7:24,25 (14) Римдіктерге хат 8:1 (15) Римдіктерге хат 5:8-10 (16) Ғалаттықтарға хат 2:16 (17) Ғалаттықтарға хат 2:19-21 (18) Еврейлерге хат 10:16,17 (19) Ефестіктерге хат 2:8,9 (20) Жоханның 1-хаты 1:9 (21) Жохан жазған Ізгі хабар 15:4 (22) Жохан жазған Ізгі хабар 15:9 (23) Жохан жазған Ізгі хабар 15:10,11 (24) Римдіктерге хат 7:4 (25) Римдіктерге хат 7:6 (26) Римдіктерге хат 10:4 (27) Римдіктерге хат 4:5