Менің өмірімде Құдай бар ма?

Сіз Исаны өз өміріңізге шақыру жайында шешім қабылдаған кезде, Құдайдың сіздің даусыңызды естігенін білу сіз үшін маңызды. Иә, естіді. Жоханның 1-хаты 5:14-аятында былай делінген: «Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз». Егер біз Исадан өмірімізге кіруді сұрасақ, Ол солай істейтінін әуде еткен.

Аян 3:20-аятында Иса бізге мынаны ұсынады: Иисус предлагает нам: «Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады». Сіз жүрегіңіздің есігін Құдайға аштыңыз ба? Егер ашқан болсаңыз, онда Құдай не істеймін деп уәде береді? Құдайдың бізді алдауы мүмкін бе?

Жохан жазған Ізгі хабар 6:37-аятында Иса былай деген: «Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін». Ал Жохан жазған Ізгі хабар 10:27-29-аяттарында Иса былай деген: «Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды. Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды».

Біз Исамен қарым-қатынаста бола алуымыз үшін, Ол біздің күнәларымыз үшін айқышта жанын құрбан етті. Оны құштарлық танытпайтын тұлға емес деп айта алмайсың. Ол біздің Құдаймен қатынасқа әкелу үшін ерен істерді жасады. Иса біздің күнәларымызды Өз мойнына алып, бізге Өзінің әділдік киімін кигізіп, бізге толықтай кешірім сыйлап, құшағына қабылдады. Бізге бірінші жақсы өмір кешіп, барлық діни жораларды сақтап, ұзақ жылдар бойына Оның бізге кешірім беруің жалбарынып сұраудың қажеті жоқ. Құдайдың Өзі бізге Онымен қарым-қатынаста болуымыз үшін сондай мүмкіндікті жаратып берді. Ал біз Оған өзіміздің Ол үшін жасай алатын нәрселеріміздің емес, қайта Оның біз үшін жасаған әрекетінің негізінде келе аламыз. Ол бізді кешіріп, өмірімізге кіру үшін күнәларымыздың құнын төледі. Петірдің 1-хаты 3:18-аятында былай делінген: «Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола құрбан болды».

Біз Исадан өмірімізге кіруін сұраған кезде, біз өз өмірімізді ашық алақанымызда ұстап тұруымыз қажет: «Тәңір Иса, мен сенімен қарым-қатынаста болғым келеді, мен Сенің өміріме кіріп, оны Өз қалауыңа сай өзгерт». Осындай шешім Оған біздің өміріміздің Құдайы болуға мүмкіндік береді. Егер сіз осыны әлдеқашан істеп қойған болсаңыз, онда сіздің Құдаймен жаңа қарым-қатынасыңыз жайлы әсерлі ақиқатқа құлақ түріңіз.

  • Сіз Құдаймен татусыз

    «Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз» (Римдіктерге хат 5:1).

  • Сіз Құдайдың рухани баласысыз

    «Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті» (Жохан жазған Ізгі хабар 1:12).

  • Сіз енді түнекте өмір сүрмейміз

    «Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер!» (Ефестіктерге хат 5:8).

    «Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді. Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық» (Қолостықтарға хат 1:13,14).

  • Сіз кешірілгенсіз

    «Барлық пайғамбарлар Иса туралы: «Оған сенген әркімнің күнәлары Оның арқасында кешіріледі» дегенге алдын ала куәлік келтірген» (Елшілердің істері 10:43).

    «Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын терең даналығымен және түсінігімен бізге молынан жаудырды» (Ефестіктерге 1:7, 8).

    «Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді.10Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді» (Жоханның 1-ші хаты 4:9, 10).

  • Сізге мәңгілік өмірге иесіз

    «Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті» (Жохан жазған Ізгі хабар 5:24).

    «Бұл куәліктің мәнісі мынадай: Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында: Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ. Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендіктен мәңгілік өмірге иесіңдер. Оған сенім артқан сендердің соны білулерің үшін бұларды жазып отырмын» (Жоханның 1-ші хаты 5:11-13).

  • Сіз Киелі Рухпен мөрленгенсіз

    «Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі» (Ефестіктерге хат 1:13).

  • Сіз Құдайдың өзіңізге деген сүйіспеншілігін танып-білуді бастай аласыз

    «Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар. Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді. Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер! Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер. Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым» (Жохан жазған Ізгі хабар 15:7-11).

Құдаймен қарым-қатынаста дамытуға арналған:

Құдайды жақыннан танып-білу үшін, Оның Сөзін (Киелі кітап) оқуға уақыт арнаңыз, Одан сізге Өзін көбірек ашып беруді сұраңыз, сонда сіздің Онымен қарым-қатынасыңыз дамитын болады. Жохан жазған Ізгі хабардан бастасаңыз болады (Жаңа Келісімдегі төртінші кітап).

Құдаймен барлық нәрсе жайында сөйлесіңіз. Бізге былай істеу бұйырылған: «Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды» (Філіпіліктерге хат 4:6,7).