Құдай бізді қалай өзгертеді

Кей уақыттарда, біз өміріміздің мәселелі жақтарын, өзгергенін қалайтын салаларын байқаймыз. Бұл біздің қылықтарымыздың адамгершілікке жат болғандығы немесе Құдаймен өмірдегі қуаныштан айыратын жай күнәлі әдет болуы мүмкін. Құдай біздің өміріміздің осындай салаларына қалай қарағанымызды қалайды? Осындай әдеттерден арылып, шынайы өзгерістерді көру мүмкінбе? Иә, мүмкін. Менің Құдайдың рақымы туралы түйген түсінігім өмірімді қатты өзгертті. Және оның сіздің де өміріңізді қатты өзгерте алатынына сенемін.

Рақым деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Менің ойымша, рақым деген сөзге өзім тапқан ең үздік анықтама - Джозеф Куктың кітабынан алынған дәйексөз: Рақым – Сүйіспеншіліктің мінсіздікпен, әлсіздікпен, қатемен, күнәмен беттескен кездегі жүзінен байқалатын көрінісі.1

Рақым дегеніміз не?

Бұл Құдайдың бізге күнәларымызға сай қайтармауға, заңсыздықтарымызға сай әрекет етпеуіне түрткі болатын тұлғалық қасиеті. Бүл Құдайдың біздің адалсыздығымызға қарамастан көрсететін адалдығы. Шын мәнінде, жағымсыз, әлсіз, жетілмеген, лайықсыз және сұмпайымен кездескенде сүйіспеншілік сондай болу керек. Біздің сіңірген еңбегімізге қарамастан, Құдай біздің мұқтаждығымызды қамтамасыз еткісі келеді. Бұл лайықсыз ізгілік көрсету.

Құдайдың рақымы Өзіне сенім артатындардың барлығына махаббат, мейірімділік, ізгілігін төгеді. Сіз оған лайыұты болуға тиесті емессіз. Сіз осы рақымшылықты қабылдай алу үшін жай ғана Онымен дұрыс қарым-қатынаста болуыңыз керек.

Әсіресе, біз өзімізден біз нақты білетін бұрыс жайттарды анықтаған кезде Құдайдың рақымына мұқтажбыз. Мысалға, жаман әдеттер, ақымақтықпен қабылдаған шешімдер, біз ұялатын жаман қылықтар, Онық айыптауында қалуды қорықсақта Құдайдың өзгерткенін қалайтын салалар. Егер біз Мәсіхкті сеніммен қабылдаған болсақ, ондай Құдай бізді енді Өзінің рақымында өмір сүретін, кешірілген балалары деп атады. Бізді азат етіп өзгертетін Оның рақымының нақ өзі. Міне сондықтан, бізге Киелі кітап ілімі рақымдылық жайында не айтатынын білу маңызды.

Барлығымыз ішімізде жақсы мен жаманның бар екенін білеміз. Біз барлығының бізден жақсыны көргенін қалаймыз. Ал өзіміз ұялатынды адамдардың көзінен таса қалдырғымыз келеді.

Біз өзімізді өзіндік жетілуге бағыттайтын қоғамда өмір сүреміз. Біз көп уақытымыз бен күшімізді ең нашар жақтарымызды жақсарту үшін өзіндік сараптауға жұмсаймыз. Біз өзіміздің «ең нашар» жақтарымызды жақсарту үшін уақытымызды, қаражатымызды және күшімізді жұмсап, сатып алулар жасаймыз, спорт залына барамыз. Ал әліде жақсарта алмайтын, немесе жақсарта алмаған жақтарымызды жасыруға тырысамыз.

Ұяттан тығылу

Бір адаммен жақындасқанда, ішкі дүниеңізде сіздің жаңа танысыңыз «осы» нәрсе жайында біліп қоймаса екен деген ашына үміттенетін жағдайға түсіп көрдіңізбе? Әлде мүмкін сіз бір кездері жақын досыңызға былай деп айтқан боларсыз: «Өтінемін менің «осы жағымды» ешкімге айтпашы»? Біз Құдаймен қарым-қатынаста бола бастағанда, Оныменде осылай жасауға болады деп ойлауымыз мүмкін. Біз Одан жаман жағымызды жасырып қалуымыз ке, рек деп ойлаймыз. Алайде, егер біз өзіміздің жағымсыз жақтарымызды жасыруға тырыссақ, өзімізді шынайы қабылдауымызды, және Құдаймен қарым-қатынастағы шынайылылықты жоғалтып алуымыз мүмкін.

Құдай ондай емес. Оның жолдары – біздің жолдарымыз емес. Ол біздің жақсы жақтарымызды қабылдай тұра, біздің ең жаман жақтарымыздан бас тартпайды. Ол бізді толық тұлға ретінде көреді. Ол бізді екіге сынған тұлға ретінде көрмейді. Ол былай дейді: «Өзіңнің ең жаман жақтарыңды жақсартуға тырыспа. Оны орындау сенің күшіңмен мүмкін емес. Қаншалықты алысқа өрлегенің маңызды емес, сен бәрібір мен үшін жеткілікті жақсы болып қаласың, өйткені Мен – Кемелдімін. Өзіңнің ең жаман және ең жақсы жақтарыңды Маған тапсырып, сені толыққанды адам етуіме жол бер».

Құдайдың рақымында қалай өмір сүре аламыз?

Рақымды заңды түсінбей түсіну қиынға соғады. Құдайдың кемелді заңына, Оның өсиеттеріне қарағанда, Оның өмірімізге деген стандарттарын біле тұра, ақиқатқа шынайы қарап, біз заңның барлық талаптарын орындай алмайтынымызды жиі мойындаймыз. Біз Құдай заңына, және Оның өсиеттеріне қалай қараймыз? Заң біз үшін айна іспетті қызмет атқарады. Өзіне айнадан қарағанда, адам өзінің бетінен үлкен дақты көре алады, ал бірақ адам айнадан көрмес бұрын былғанғанын білмеді емеспе. Айна былғанышты алып тастай алмайды, бірақ адам сол былғанышты үйден шықпай тұрып көргеніне риза болады.

Дәл сол сияқты заң біздің жетіспеушіліктерімізді, біздің күнәларымызды көрсетеді, ал біз оны көре алғанымызға қуаныштымыз, өйткені енді осылармен Құдайдың алдына келе аламыз және Құдай біздің өмірімізде рақымдылығымен әрекет ете бастайды. Ғалаттықтарға хат3:24-аяты былай дейді: «Басқаша айтқанда, Таурат заңы «тәрбиелеушіміз» болып бізді Мәсіхке әкелді, осылай Оған сеніп, ақталдық». Біз Мәсіхке келген кезімізде, құтқарушыға мұқтаж екенімізді түсінеміз. Бірақ әңгіме мынада: біз әрдайым, жердегі өміріміздің соңына дейін, Құтқарушыға мұқтаж болып өтеміз.

Еврейлерге хат 4:13-16-аяттары былай дейді: «Құдайдан жасырын жатқан ешбір жан иесі жоқ, Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр. Біз Құдайдың алдында есеп беруге тиіспіз. Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз — Құдайдың рухани Ұлы Иса бар. Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ. Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз».

Шындық пен Кішіпейілділікпен келіңдер

Біз рақым тағына шындықпен және кішіпейілділікпен келгенде, Құдайдың рақымын сезіне алатын боламыз. Осыған керісінше әрекет ету – яғни, шындықты жасырып, жарыққа шықпау дегенді білдіреді.

Мен шынайы болып, Құдайдың алдына, Оның рақымының тағына әкелуге тиісті болған өмірімнің саласы жайында бөлісемін. Тамақтану мәселесі менің есті өмірімді толық дерлік қамтыған. Мен өзімнің толық бала болғаным есімде емес, бірақ есімдегісі, оныншы сынаптарда менің құрбыларым (олардың салмағы менікінен аз болатын) артық салмақтарына наразы болатын. Содан мен ойлайтынмын: «Егер олар өздерін семізбіз деп есептесе, ал менің салмағым олардікінен артық, олай болса нағыз семіз менмін!» Мен сол кездерде шамамен 50 килограмм болғандаймын. Дәл сол кездері тамақтану мен үшін өмірімнің мәселесі бола бастады. Мен өзімнің қай нәрсені жеуіме болмайтындығын ойлай бастағанда, сол нәрсені екі есе жегім келіп тұратын.

Анам, кей кезде маған мынаны айтатын: «Менің ойымша, егер сен азырақ жесең мына киім саған үйлесімдірек болатын еді. Неге саған арықтап көрмеске?» ол мені тіпті диетолог-дәрігеріне апарды.

Коледжге түскенде, менің толып кетпуім үшін жеуіме тиісті емес тағамды сатып ала бастадым, мен сатып алып оны жасырып қоятынмын. Мен шоколад сатып алып оны комодқа жасырып қоятынмын. Бір күні мен өзіме торт сатып алып, төсегімнің астына тығып қойдым. Егер біреу маған осыны жеуге болмайды десе, мен дәл сол тағамды жегім келіп тұратын.

Мен бір дәмханадан көп тағамға тапсырыс беруге ұялатынмын, сондықтан, бір жерден тамақтанып болған соң, мен тағы басқасына барып өзім қалаған тағамның тағы бір бөлігіне тапсырыс беретінмін. Кейбір кезде бір жерден екі бірдей тапсырыс беріп, тағы басқа адамға алып жатқандай сыңай танытып, біреуін өзіммен алып кететіндей етіп беруін сұрайтынмын. Содан ол жерден шығып екінші бөлігін өзім жеп қоятынмын. Мен жасырынып, өтірік айтатынмын.

Жасырынудан азат болу

Мен мәсіхші болған кезде, Он мені қандай болсам сондай күйде қабылдады, және біртіндеп, жылдар бойы мен тым көп тамақтанудан арыла бастадым. Мен шынымен тағамға деген ауыр құлшыныстан зардап шегіп жүрдім, және жылдар бойы осы сау емес құлшынысты толықтай дерлік алып тастады.

Бірақ кей кездері мен әліде осмен күресемін, әсіресе өзімнің ойларыммен. Мысалға мен бір қалада жас өспірімдердің үлкен аудиториясының алдына шығатынымды білдім, және былай деп ойладым: «Маған осы құрылтайға дейін міндетті түрде арықтауым керек». Мен тырысқаныммен қолымнан келген жоқ. Мен өзіме: «Жарайды, келесі дүйсенбіден бастаймын» деп айтатынмын. Құрылтайдың басталатын уақыты жақындап келе жатты, сол жерге барардан бұрын мен тағы бес килограмға арықтығым келді. Қаншалықты қатты тырыссамда соншалықты менің қолымнан келмеді. Мен жақын құрбыма былай деп мойындадым: «Білесің бе, Катя, мен өзімнің артық салмағыма байланысты қапаланып тұрмын. Құрылтайға барардан бұрын бес килограмм тастау қолымнан келмей жатыр». Мен өзімнің қандай салмақта екенімді айттым. Ол болса маған қарап былай деді: «Нэй, сен арықтасаң оларға көбірек ұнаймын деп ойлайсыңба?» Менің тамағым қысылып қалды. Мен: «Білесің бе, Катя, мен ішімнен шынымен солай ойлайтын сияқтымын». Ол маған қарап: «Нэй, мен сені қандайсың сондай күйіңде жақсы көремін. Мен үшін сенің салмағың маңызды емес». Мен жылап жібердім. Менің құрбым оған кішіпейілділікпен өзім жайлы шындықты айтқан уақытымда маған рақымшылықпен қарады. Білесіздерме содан кейін не болғанын? Мен өзімнен жаңа уәждеме тауып біраз арықтай алдым.

Заң орындай алмаған нәрсені рақымдылық орындады.

Еврейлерге 13:9-аятында мынадай сөз айтылған: «Жан дүниеміздің Құдайдың рақымымен нығаюы игі». Егер біз Оның алдына шындықты жасырмай келетін болсақ, Құдай осыны біздің өмірімізде орындайды.

Лұқа жазған ізгі хабар 18:9-14-аяттарындағы астарлы әңгімені оқыңызшы: «Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен. Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын». Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады».

Құдайға шынайылықпен және сеніммен келіңіз

Егер біз өзімізді мойынсұндырып Оның рақымын қабылдаудан бас тартсақ, онда қарым – қатынас тиесілі жолмен қалыптаспайды. Егер біз құдайдың алдына келіп, өміріміздің нақты аймақтардағы күнәларымызды мойындасақ, онда Ол біздің мұқтаждығымызға рақымымен жауап береді. Құдай бізден өз күшімізбен жетуге тырысатын өзгерістерді талап етпейді. Керісінше, Ол бізден Өзіне келіп, шынайы болғанымызды, Оған сеніммен келіп, барлық уайымдарымызды Оған сеніп тапсырғанымызды сұрайды «Петірдің 1-хаты 5:5-7».

Ең сау адамдар – өздерінің күнәларын білетін және өздерін қорғағыштамай былай деп айта алатындар: «Құдай, мендей күнәкарға рақымды бола көрші».

Парызшылдар Киелі болуға, заңды сақтануға өте тырысатын, бірақ оларды осыған басқаларды таңдай қақтыруға деген қалаулары итермелейтін . Иса оларды «боялған табыт» деп атады. Сырттай олар инабатты көрінетін, бірақ іштей өлі болып Исаға деген наразылыққа толы болды. Мысалға, олар заңды қатайту үшін шектен тыс шығуға дейін баратын «демалыс күні ешқандай жұмыс істемеңдер». Иса Өзінің жанашырлығымен біреуді демалыс күні сауықтырса, олар сонысын сынап мінейтін.

Кейде біз үшін Құдаймен қарым-қатынастан көрі, заңмен ісіміз болғаны оңайырақ. Және әзәзіл біздің барлық назарымызды Құдайдан көрі заңға аударғанымызды қалайды. Құдайдың рақымында өмір сүргіміз келедіме? Біз Құдайға шындық пен мойынсұнушылықта келуіміз керек. Жақыптың хаты 4:6-аяты былай дейді: «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».

Бірнеше жыл бұрын бір жас келіншек менің қасыма келді. Оның бет жүзі қараңғы көрінді, және ол айыптау ауыртпалығының астында болды. Біз әңгімелесе бастағанда оның Мәсіхке сенетінін түсіндім, бірақ оның өзі қатты ұялатын күнәлі әдеті бар болды. Ол содан қайта-қайта арылуға тырысатын, бірақ бәрі зая болды. Ол өзінің уәделері мен талпынысына қарамастан тоқтай алмады. Ал осы нәрсені орындағаннан кейін ол өзін өте жиіркенішті сезініп өзін-өзі айыптай бастайтын. Мен оған шайтанның біздің күнә жасағанымызды жақсы көретінін және айыпты сезінуіміз үшін күнә жасаған жайтымызбен басымыздан ұрғанды жақсы көретінін түсіндірдім. Мен одан осыны мінажатпен Құдайдың алдына алып келдіңбе деп сұрадым. Ол жоқ деп жауап берді. Ол осыдан ұялғаны сонша, ешқашан мұнысын Құдайға алып келмеген еді.

Мен былай дедім: «Келесі жолы, осы нәрсе орын алғанда, сіздің жатсыну мен айыптау сезінудің орнына, осы күнәні өзіңізге Құдайдың сүйіспеншілігін есіңізге түсіру үшін қолданғаныңызды қалаймын». Мен оған келесі жолы, ол күнә жасағанда, онысымен Құдайға келіп мына тәрізді сөздерді айту керектігін айттым: «Жаратқан Ием, мен сендік екендігім үшін саған өте ризамын. Құдай, Сен мені сүйетінің үшін рахмет. Құдай Иса Мәсіхтің қаны мені бар күнамнан тазартады. Құдай, мен өз күнәмді біліп тұрмын, бірақ егер сен маған күш бермесең, басқалай істей алмаймын» Құдай, мен өз еркімді, өзімді Сенің жағыңа және Сенің Сөзіңнің жағына қоямын. Сен менде және мен арқылы Киелі Рухыңмен мен өз – өзіме істей алмайтынды істейсіңбе?»

Мен ол кісімен бірге мінажат еттім және бірге Құдайға Оның рақымдылығы мен тыныштығына алғысымызды айттық. Мен үшін оның өкініп басқа адам болғысы келетіні ап-айқын болды, және ол осыны орындады. Бірнеше айдан соң маған ол кісіден хат келді, өйткені мен одан не болатыны жайында хабарлауын сұраған едім. Ол өзіне қалай айтқанымды орындағанын жазды. Және ол мынаны жазды: «Нэй, соңғы бірнеше айда мені мазадаған нәрселердің барлығы, бұрынғы кезбен салыстырғанда өз үстемдігі мен күшін жоғалтқанына қатты таң қалдым». Ол күнәнің торында болды, бірақ рақымдылықтан тыс еді. Ол Құдай алдында мойынсұнып, маған өз күнәсін ашық айтқанда, өзінің күнәсін Құдайдың рақымдылығының жарығына әкелгенде, Құдай онымен кездесті.

Қабылдау үшін сеніңіз.

Еврейлерге хат 4:13 былай дейді: «Құдайдан жасырын жатқан ешбір жан иесі жоқ, Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр. Біз Құдайдың алдында есеп беруге тиіспіз». Римдіктерге хат 5:20 былай дейді: «Ал Таурат заңы болса, күнә туралы түсінігіміздің көбейе түсуі үшін берілді. Бірақ күнә қаншалықты көбейсе, Құдайдың рақымы одан да асып түсті». Құдайдың рақымдылығы бар, оны қабылдай алуымыз үшін біз осыған тек сенуіміз керек. Біз Құдай сөзінің беделділігіне сенуіміз керек. Рақымшылықпен өзгеруімізді қаласақ, біз айналып өте алмайтын талап бар: Құдайдың рақымдылығына сену керек. Құдайға сенім артумен жауап беруіміз қажет. Сонда Ол әрекет ете бастайды.

Егер мен Құдайдың менің толық сенім артуыма лайықты екенін білсем, егер Оның сүйіспеншілігінің шынайы екенін білсем, Оның мейірімі рас екенін, Ол менің қамымды ойлайтынын, менің өмірім терең мағынаға ие болғанын қалайтынын, онда Ол Өзінің болмысына сай әрекет ете бастайды. Ол маған жанымның түбіне дейін жетету үшін келеді. Оның рақымы мені өзгертеді. Ол менің ең терең ішкі пиғылыма және жүрегімнің қалауына қолын тигізе алады. Ол мені жаңа жаратылыс ете алады. Құдай нақ осыны біз үшін орындағысы келеді. Ол былай дейді: «Мен өз тәлімімді олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады, — дейді Жаратқан Ие»(‎Еврейлерге хат‎ 8:‎10). Құдай біздің өмірімізде заң ешқшан істей алмағанды Өзінің рақымымен орындайды.

Қорынттықтарға 2-хат‎ 3:‎18-аяты былай дейді: «Ал енді, бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді». Өзгеріс – бұл үдеріс. Біз Құдайға және Оның айтқандарына сенім артқанда, Ол еркін түрде біздің ой-санамыз бен жүрегімізді өзгерте алады. Бірақ білуге тиістісі, бұл өзгерістер бір сәтте іске аспайды.

Льюис Шеффер рақым жайында жан-жақты тыңғылықты кітап жазды. Ол былай дейді: «Құдай Сөзінің ұлы мақұлдамасы, құтқарылудың әр саласының, Құдай рақымының уақыт кезеңі мен мәңгіліктегі әрбір жарылқауы тек құтқарылатындардың бір сенімімен ғана шартталған».

Құдай бізді рақымымен өзгертеді.

Біз Құдайдың рақымын қалай алмыз? Біз Құдайға әлсіздігімізбен, дәрменсіздігімізбен, күнәмізбен және сәтсіздіктерімізбен келеміз. Біз Оның рақымынан жанымызға тыным тауып, Оның сүйіспеншілігіне, Оның бізді өзгерте алатын қабілетіне сенуге шешім қабылдаймыз. Бұның нәтижесі – біздің рухани өсуіміз.

‎Петірдің 2-хаты‎ 3:‎18 былай дейді: «Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер!» Лұқа жазған ізгі хабардың 15-тарауында адасып қата оралған ұл жайында айтылған астарлы әңгімеде, адасқан ұл үйін тастап, әкесінің меншігін ысырап қылды, соңында өзінің мұқтаждығын түсінді, сонымен қатар Әкесінің игілігін мойындады (17-19 аяттар).

Ол өзін бойұсындырып, орнынан тұрып әкесіне жол тартты. Ол әкесіне қайта оралғанда шынайы болды. Бірақ білесіздер ме? Үлкен ағасына бұл жайт мүлдем ұнаған жоқ. Үлкен ағасы кіші ұлына деген рақымдылығы үшін әкесін сөкті. Үлкен ағасы заңшылықтың бейнесін көрсетеді. Өйткені оның түсінігі мынада: ол заңды ұстанбады, яғни сенің рақымыңа лайықты емес. Алайда әкесі әліде өзінің адасқан ұлын оның не істегеніне қарамастан сүйді емеспе. Құдаймен қарым – қатынастың күші заңның күшінен үстем. Әзәзіл біздің біз өзімізді үнемі айыптап өзімізді кінәлап өмір сүруіміз үшін, заңмен, заңшылдармен шырмалып қалғанымызды көргісі келеді. Бірақ Құдай былай дейді: «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды» (‎Римдіктерге хат‎ 8:‎1). Рақымдылықта біз өзіміздікінен көрі әлдеқайда көбірек қорға иеміз. Бізде Оның еркін орындай алуымыз үшін, өзімізді күш-қуатпен жабдықтайтын Құдайдың Киелі Рухы бар. Киелі Рухқа кенелген өмір – бұл Оның рақымын әр минуттық саналы түрде ұғыну. Киелі Рухқа кенелген өмір – бұл өзінің мүлт кенкеніңді немесе күнәңді мойындап осы мүлт кетуіңді Құдайдың жарығына алып келу. Бұл өзіміздің күнәмізге жеке жауапкершілікті алып Құдайдан біздің өсуіміз үшін өзгертуін сұрағанда іске асады.

Иса айқышта біздің күнәларымыз үшін, біздің терістігіміз үшін құрбан болды. Біз кінәлі болдық және Ол біздің кінәміздің құнын төледі. Біз күнәміз үшін тәубеге келгенде, ненің дұрыс еместігін ұғынамыз, айқышта не үшін құн төленгенін түсінеміз. Құдайлық әйел немесе еркек болу дегеніміз, мойынсұнушылықта және шындықта өз күнәмізді көріп, өсуіміз үшін Құдайдың рақымын қабылдау.

Джон Пауэлл мынаны айтты: «Біз басқалардың бізді сүйуі үшін өзгеріп, өсіп және жақсы болуымыз керек деп ойлаймыз. Керісінше, біз өсіп және жақсы болуымыз үшін Оның рақымын қабылдаймыз».

Өмірімізде сауығуды ұстап тұратын бірақ нәрсе – бұл біздің Құдайдың алдында ашық болуға дайын болуымыз. Өсуіміз үшін біз міндетті түрде ақиқатты ұстануымыз керек. Құдайдың рақымы бізге Құдайды көруге және Құдай сөзінің жарығындағы бізге қатысты ақиқатты көруге еркіндік береді. Ол бізді толық сүйіп қабылдайтынын біле тұра, Ол бізді өзімізде не бар болса сонымен Оның алдына келіп бостандыққа ие болуға шақырады (Жохан жазған Ізгі хабар 8:32), сонымен қатар ағыл тегіл мол өмірге ие болуға (Жохан жазған Ізгі хабар 10:10).

Енді ешқандай айыптаушылық жоқ

Мен өзімнен кеңес алу үшін жүгінген жас әйелді еске аламын. Ол өзін айыптаушылық сезімі толтыратынын, ұйқысыздықтың және асқазанының қақсауы мазалағанын айтты. Ол қорқынышқа, өзін – өзі кінәлауға толы еді, және өзін әрдайым төмендететін. Онысына өзінің себебі бар еді – оның азғын қылығы. Ол Құдай сөзінің осындай іс – әрекетке тиым салатынын білді. Ол торға түскен шыбындай болды, бірақ оны қабылдамай қалады деген қорқынышпен біреуге мойындауға қорқатын. Басы түскен бойы маған барлық оқиғасын айтып берді. Ол ешнәрсесін жіберіп алған жоқ, өйткені көмекке мұқтаж болды. Ол өз күнәсі үшін қатты опық жеді. Ол өкінді. Менің көзімше ол Құдайға күнәсін мойындап тәубе етіп, Оның кешірімі мен рақымын қабылдады. Кейінірек ол маған келген уақытында өзін эмоциялық шырмалу сезінгенін айтты. Бірақ маған келген кезде ол бас тартушылық орнына сүйіспеншілік пен қабылдау алды.

Бірнеше айдан соң мен хат алдым. Ол былай деді: «Менен шынжырлар түсті, тор ашылды, және менен жүздеген килограмға татитын жүк түсті. Менде бостандық пен балғындық сезімі пайда болды. Сіздің қасыңызда болғанда мен ештеңе істемедім. Бірақ сір бір нәрсе істедіңіз. Бұл сіздің істегеніңіз емес, сіздің болмысыңыз сияқты. Сіз Оның махаббатын, мені қабылдап кешіргенін көрсеттіңіз». Сол күні мен одан өзгерістерге байланысты маған есеп беріп тұруын ұсындым, және ол кейінірек сол есеп берушілктің оған ешқандай жүк түсірмегенін айтты. Ол өзін қауыпсіздікте сезінді, өйткені есеп беретін адамы оған рақымшылық көрсетті. Ол қосымша көмек көмек сұрады, нәтижесінде өзін көбірек түсіне алды. Ол үшін рақымшылықтың әрекетін басынан кешкендіктен бұл тек діни терминнен артығырақ болғанын айтты.

Заң игі, Киелі және кемелді, ол оған күнәні айнаның бейнесі іспетті көрсетті. Ол кісі өзін бой ұсындырды. Ол күнәсін мойындап тәубе етті. Ол өзіне, маған, Құдайға шындықты айтты. Кейінірек ол дер кезінде көмек беретін рақымшылықты қабылдады. Ол мойынсұнушылық пен шындықта өзінің күнәсімен жарыққа және Құдайға келді, онысы оған рақымшылықты қабылдауға және рухани өсуге жол салуына жағдай туғызды.

Өзіңізді айыптау сезінетін немесе қабылдамаушылықтың орын алуынан қорқатын, бір немесе бірнеше салаларыңыз жайында ойлаңызшы. Егер заңды бұзған болсақ, оның алдына мойынсұнушылық пен шындықта келуіміз керек. Жасырынудың қажеті жоқ. Өтірік айтудың қажеті жоқ. Айыптаушылықта өмір сүрудің қажеті жоқ.

«Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.) Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті. Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды. Ондағы мақсаты — біздің ескі күнәкар болмысымыздың еркі бойынша емес, Киелі Рухтың еркіне сай өмір сүріп, Құдайдың заңының әділ талаптарын орындауымыз»(‎Римдіктерге хат‎ 8:‎1‎-4).

«Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды! (Петірдің 1-хаты 5:5-7)

«Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?! Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды? Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды, ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда. Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? Забурда мына сөздер жазылған: «Сен үшін олар бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда». Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз. Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!» (‎Римдіктерге хат‎ 8:‎31‎-39).

(1) Тегін қабылдайтын – өмірді өзгертетін рақым. Джосеф Кук