Сен құлаған кезде

Күнәмен не істейсің?

Салық инспекциясы домалақ хат алды:

Құрметті мырзалар,

Мен жыл соңында өз табыстарымды толықтай декларация жасатпадым, содан бері дұрыс ұйықтай алмадым. Егер ұйқы мәселесі жалғаса беретін болса, мен сізге қалған сомаға түбіртек жіберемін.

Біздің әрқайсымыз да өз теріс қылықтарымыз үшін кешірім алғымыз келеді. Дегенмен, мынадай бір сұрақ туындайды: осы кешірім қайдан шығуы тиіс?

Мәсіхші ретінде біз күнәларымызға кешірім алған жандармыз. Бұл жайында сіз Киелі кітаптан біле аласыз. Ал бұл ақиқатқа сіздің жүрегіңіз не дейді? Көптеген мәсіхшілерді шәкірт еткен менің бір танысым, бірде былай деді: «Кейбір мәсіхшілер өздерінің күнә жасағандарына, ал басқалары болса, өздерінің кешірілгендеріне аса сеніңкіремейді».

Мен сізге күнәңіздің және де Мәсіхтің кешірімінің шынымен де бар екендігін бағалауға көмектескім келеді.

Күнә дегеніміз не?

Эрнест Хемингуэй бірде былай деген, егер адамдардың жасаған қандай-да бір әрекетінің өнегелік негізі болса, орын алғаннан сондай әрекеттен кейін адамдарда әдетте тек жағымды әсер қалыптасады, ал егер қандай-да адамгершілікке жат қылық орын алса, орын алған сондай әрекеттен кейін адамдарда жаман сезім қалыптасады. Күнәға деген осындай көзқарас көпшілікке мәлім, адамдардың көпшілігінің расында солай пайымдайтыны да рас. Алайда бұл көзқарас - Киелі кітапқа сай емес. Киелі кітаптың күнәға беретін түсініктемесі – еркі Құдайдың қалауы мен еркіне қарама-қайшы келетін адамның қатынасы.

Құдай біздің күнәларымызға назарын салады ма? Құдай күнәға шыдамайды. «Құдай — Нұр, Оның ішінде ешқандай түнек жоқ». (Жоханның 1-хаты 1:5б)

Күнәға назар аудармаса да болады. Құдай біздің барлық күнәларымыздың құнын өтеді емес пе? Құдай сені сүйетін болса, Оның сенің өміріңе арналған тамаша жоспары бар болса, күнә жайында уайымдаудың қажеті не? Мүмкін күнәға қателіктер, өмірдің кедір-бұдырлығы ретінде қарау керек шығыр?

Ал Құдай ешқашан күнәны осылай қарастырмайды. Бір күнәсына бола Адам ата мен Хауа ана пейіштен қуылған болатын. Нұх пайғамбардың заманында күнәға бола Құдай жерді мекендеген адамдарға топан су жіберді.

Ол Содом мен Гомора қалаларына сорақы бейморальдық құлықтары үшін аспаннан от жаудырды. Күнә Исрайыл халқын шөл далада қырық жыл кезітті.

Құдай күнәны жек көреді. Ал біздерге, пенделерге, күнә жағымды, сол себепті де біз күнә жасаймыз. Адам ата мен Хауа ана іспетті, біз зұлымдықты танығанымен, ол бізді жеңе алмайды деп ойлаймыз. Бірақ біз Құдай сияқты болмаймыз. Құдай зұлымдықтың бар екені жайлы біледі, дегенмен Құдай зұлым емес әрі зұлымдыққа берілмейді. Ал біз болсақ, бір жағынан күнәға елігіп, оның ықпалына бой береміз.

Кінәлік сезімі

Сіз күнә жасағанда, сіздің жан дүниеңіздегі Құдайдың Рухы терең кейіп қамығады. Кейде ол сіздің жан дүниеңізде кінәлік сезімін қоздырады. Күнә жасаған сәтіңізде, сіз Құдайдың өз өміріңізге деген еркінен тәуелсіз болу жағын таңдап аласыз. Осыған бола Құдай сізді жек көре бастамайды. Ол сізді сүюін жалғастыра береді. Дегенмен сіздің күнәңіз Оны қайғыландырады: «Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар! Онымен «таңбаландыңдар»: өмірлеріңнен орын алған Киелі Рух — бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің кепілі. (Ефестіктерге хат 4:30). Күнәнің сізге қалай әсер ететінін түсіну үшін, Құдаймен қарым-қатынас пен Құдаймен байланыста болудың айырмашылығын қарастырайық.

Сіздің Құдаймен қарым-қатынасыңыз Сіздің Құдаймен байланысыңыз
Сіз Мәсіхті қабылдағанда басталды
(Жохан жазған Ізгі хабар 1:12)
Сіз Мәсіхті қабылдағанда басталды
(Қолостықтарға хат 2:6)
Мәңгілік (Петірдің 1-хаты 1:3-4) Үзіліп қалуы мүмкін (Забур 31:3-5)
Тек Құдай ғана сақтайды
(Жохан жазған Ізгі хабар 10:27-29)
Жартылай сіз ұстап тұрасыз
(1 Жоханның 1-хаты 1:9)
Ешқашан өзгермейді
(Еврейлерге хат 13:5)
Сіз күнә жасағанда өзгереді
(Забур 65:18)

Күнә сіздің Құдаймен мәңгілік қарым-қатынасыңызға ықпал етпейді, ол Мәсіхтің айқышта сіздің күнәларыңыз үшін «орын алмасу» құрбандығына сенген кезіңізде орнады. Мәсіх сіздің өткен, қазіргі және болашақтағы барлық күнәларыңыз үшін жанын қиды. Мәсіх жанын қиған сәтте сіздің барлық күнәларыңыз болашақта болды. Сіз Исаға деген сеніміңізбен күнәларыңызға толық кешірім алдыңыз. Сіздің Құдаймен қарым-қатынасыңыз толықтай қауіпсіздікте.

Алайда, күнә сіздің Құдаймен байланысыңызға әсерін тигізеді. (Байланыс - сіздің Құдаймен тығыз әрминуттық байланысыңызды білдіреді, сіздің жерлік өміріңіздегі Онымен бірігуіңіз.) Күнә сіздің Құдаймен сөйлесуіңізге, және сіздің Оның еркін орындаудағы пайдалылығыңызға әсерін тигізеді. Күнә Мәсіхтің сіздің ойлағаныңызды және істегеніңізді қалайтынын нәрселеріне деген сезгіштік қабылетіңізді мұқалтады.

Забур 31:3-5 былай дейді: «Күнәмді айтқым келмеп еді,Сонда аяқ-қолым сырқырай берді, Ыңқылдап жүрдім күні бойы. Себебі күні-түні Сенің қолың Зілдей боп үстімде жатты менің. Сол кезде жаздың аптабы семдірген Көк шөпке ұқсап солып қалдым мен. Сонда алдыңда күнәмді мойындадым, Әділетсіздігімді енді жасырмадым. Жаратқанға кінәмді ашық айтам дедім, Сен сонда барлық күнәмді кешірдің».

Жыршы күнәға қатысты дұрыс әрекет танытты. Ол жасаған күнәсінен бас тартқан жоқ. Күнә оның барлық ой-санасын жұтып қойған жоқ. Жыршы оны мойындады.

Күнәні мойындау және күнәға өкіну

Күнәні мойындау және өкіну дегеніміз не? Біріншіден, мойындау дегеніміз, сіздің Құдаймен келісетініңізді білдіреді. Ол әлдеқашан сіздің күнә жасағаныңызды біледі, сондықтан да сіз Онымен ашық бола аласыз. «Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады» (Жоханның 1-хаты 1:9). Мойындау дегеніміз ерікті түрде жасаған күнәмізді мойындап, Құдайдың күнәға деген көзқарасын жалғыз дұрыс әрекет ретінде қабылдауымыз. Мойындау – Құдайдың бізді кешіруін жалынып сұрау дегенді білдірмейді. Құдай біздің күнәларымыз үшін әлдеқашан құн төлеп қойған, және Құдайдың кешірімі бізге мойындаған сәтімізде бірден қол жетімді болып тұрады. Құдайдың кешірімінің бізге бірден қол жетімді болатын себебі, бұл - Мәсіхтің айқыштағы өлімі, өз күнәңіз үшін тәубе еткендегі күш пен мойынсұнушылығыңыз емес.

Күнәға өкіну - сіздің күнәға деген көзқарасыңыздың өзгеруін білдіреді. Жасаған күнәңыздың дұрыс емес екендігіне байланысты Құдаймен келісу. Және болашақта осы күнәні жасауды жалғастыруды қаламайтыныңызға көз жеткізу.

Алайда жүрегімнен әлі де кінәлік сезімі кетер емес!

Сіз күнәңізді мойындағаннан кейін де, өзіңізді әлі де кінәлі сезінуіңіз мүмкін. Сондай «сұмдық» күнә жасағаннан кейін, бізге өз-өзімізді жазалау айтарлықтай рухани әрекеттей көрінуі мүмкін, және де, біз өзімізді өз көз алдымызда кемітсек, Құдайға біздің мойынсұнушылығымыз ұнайды деп ойлаймыз.

Бірақ, Құдайдың күнәны мойындауға деген көзқарасы біздікінен өзгеше. Күнәны мойындаудың бір бөлігі Мәсіхтің біздің барлық күнәларымыз үшін құн төлегендігі үшін Құдайға ризашылық білдіруден тұрады. Мәсіхтің жасаған ісінің арқасында Құдай былай дейді: «Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын» (Еврейлерге хат 8:12).

Құдайға деген ризашылық сенімді талап етеді, өйткені сіз Құдай Сөзі нені айтса, сезімдеріңізге қарамастан, ақиқат болып табылатынды орындайсыз. Өзін-өзі сөгу дегеніміз – бар зейінімізді өз күнәларымызға қою дегенді білдіреді, ал біз зейінімізді Мәсіхке және Оның кешіріміне қоюымыз керек.

Кейде біз қателікті күнә деп қабылдап шатасамыз. Бірақ есіңізде болсын, біздің әрқайсымыз да азғырылуды бастан өткереміз. Тіпті Исаның Өзі сынақтан өтті... бірақ Ол азғырылуға бой берген жоқ – күнә жасаған жоқ. Егер сіз азғырылуға тап болсаңыз, өзіңізді жазғырып жазаламаңыз. Сіз өзіңізді еліктіретін ойларды дамытпауға шешім қабылдай аласыз, сіз өзіңізді күнәдан аулақ ұстау үшін Құдайдан күш-қуат бере көр деп сұрай аласыз. Сіз азғыруға тап болатыныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінбеңіз. Киелі кітапта, азғырылумен күресімізде есімізге түсіретін, жаттап алуымыз қажет бір тамаша аят бар – бұл Қорынттықтарға 1-хат 10:13.

Құдай сіздің барлық жасаған істеріңізді толықтай кешірді. «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді». Егер Құдай сіздің күнәларыңызға, құлауларыңызға, қателіктеріңізге айыптаушылықпен қарамайтын болса, онда, сіз де солай қарауыңыз керек. Тағы да Құдай былай дейді: «Мен олардың күнәлары мен әділетсіз істерін бұдан былай есіме алмайтын боламын» (Еврейлерге хат 10:17). Кінәлі сезім бұлты ғайып болды! Құдайдың толыққанды кешірімін қабыл алыңыз.

«Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті» (Римдіктерге хат 8:2). Мәсіхшілік өмір – бұл азаттықтағы өмір: кінәлы сезімнен азаттық, Құдай алдын ала белгілегендей, ақырында мейлінше үлкен өмір рақатына алып келетін әрекет етуге деген азаттық. Бұл рухани өсу барысы, Мәсіхке рухани жағынан ұқсай түсудегі және Мәсіхтің бейнесінің бізден бойымыздан көріне бастауы. Ал рухани өсу үшін уақыт керек!

Бұл мақала – Стивен Погтың «Сенің Мәсіхшілік Өмірдегі Бірінші Күнің» атты кітабынан үзінді.