Мәсіхшінің құпиясы

Киелі Рухқа кенелген өмірді түсіну

Сіз неліктен көптеген мәсіхшілердің өмірі мәсіхші аталуына лайықты емес деген сұрақ қойған кездеріңіз болды ма? Мәсіхшілік өмір мүмкін емес сияқты көрінеді ме? Сізге бір құпияны ашайын – мәсіхшіге сай өмір сүру өз күшіңізбен мүмкүін емес. Өз күшімен мәсіхшіге сай өмір сүру құрғақ жермен жүзуге тырысқан кемеге ұқсайды – салдары жұбатарлық емес. Кеменің бір жерге жүзіп жетуі үшін, ол ең алдымен судың бетінде болуы тиіс. Табысты мәсіхшілік өмір сүру үшін Құдайға сүйеніп өмір сүруді үйрену керек. Елші Пауылға бұл жақсы таныс еді: Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын (‎Філіпіліктерге хат‎ 4:‎13).

Табысты мәсіхшілік өмір сүрудің құпиясы, Мәсіхтің Өз өмірімен біз арқылы өмір сүруінде: сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім - Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті! (‎Ғалаттықтарға хат‎ 2:‎20)

Мәсіх шәкірттерімен өткізген соңғы асында Өзінің олардан кететінін, бірақ жалғыз қалдырмайтынын айтты: Сендерге шындығын айтайын: Менің кететінім сендер үшін жақсы! Себебі Мен кетпесем, сендерге Қамқоршыларың (Құдай Рухы) келмейді; ал Мен барған соң, Оны сендерге жіберемін (‎Жохан жазған Ізгі хабар‎ 16:‎7).

Сізді батыл мәсіхші болғызатын Біреу берілген Ол – Киелі Рух. Ол аспанға барар жолдағы ақпараттық қызметші ғана емес – Ол сіздің бойыңызға ену үшін келген Мәсіхтің Өзінің Рухы.

Киелі Рух деген кім?

Киелі Рух – Құдай, Әкемен және Ұлмен тең. Киелі Рух жайындағы шатасулардың көп бөлігі, адамдар Оны тұлға ретінде есептемегеннен пайда болады.

Киелі Рух – ерік пен сезімге ие Құдайлық тұлға. Киелі Рухта Әкемен Ұлға тән қасиет бар. Ол Құдіретті, Бәрін білетін, Өзгермейтін және мәңгі. Ол – Құдайлық Үшбірліктегі үшінші тұлға.

Киелі Рухтың мақсаты қандай?

Киелі Рух – сіздің мәсіхшілік өміріңіздің басты құрамдас бөлігі. Оның кебір атқаратын рөлдеріне назар аударып, Оның маңызды екеніне көз жеткізейік.

Сізді күнәңізге әшекерелеп Мәсіхке мұқтаж екеніңізді көрсеткен Киелі Рухтың нақ Өзі (Жохан жазған Ізгі хабар 16:8-11). Киелі кітап, Киелі Рухтың көмегінсіз адамдар мәсіхшіліктен тек ессіздікті көретінін айтады (Қорынттықтарға 1-хат 1:18). Қоршаған отраңыз сіздің Мәсіхке толық бағышталғандығыңызды естен адасқандық деп ойлауы мүмкін. Ал сізге олай болып көрінбейді, өйткені Киелі Рух сізге Мәсіхтегі ғажап өмірді ашып берді.

Киелі Рух сізге жаңа өмір силады. Исаның айтуынша, тәннен тек тән пайда болады. Ал рухани туылу Киелі Рухсыз болуы мүмкін емес (Жохан жазған Ізгі хабар 3:6). Құдайдың сүйіспеншілігі нақты Киелі Рух арқылы сіздің жүрегіңізге төгілді (Римдіктерге хат 5:5). Сондай-ақ Киелі Рух сіздің мәсіхші екендігіңізге іштей куәлік (сенімділік) береді (Римдіктерге хат 8:16).

Киелі Рух – сіздің ұстазыңыз және күшіңіздің қайнар көзі. Ол сізге Құдай сөзінің ақиқатын ашып көрсетеді. Ол Киелі кітапқа Өзінің нұрын сіз оның ақиқатын түсініп орындай алатындай етіп төгеді (Жохан жазған Ізгі хабар 16:13,14). Ол сіздің Мәсіх туралы куәлігіңізді күшке және рухани әсерлілікке бөлейді (Елшілердің істері 1:8). Сіз не жайында немесе қалай мінажат ету керек екенін білмеген кезде сіз үшін Әкенің алдында дәнекерлік етеді (Римдіктерге хат 8:26, 27).

Киелі Рух сізді мәсіхше өмір сүруге қабілетті ету үшін Мәсіхтен келді! Пауыл жазғандай: "Өлімнен Иса Мәсіхті қайта тірілткен Құдайдың Киелі Рухы өмірлеріңнен орын алды" (‎Римдіктерге хат хат‎ 8:‎11). Мәсіхшілік өмір Киелі Рухтың күшімен ғана мүмкін бола алады.

Сіз «Маған Киелі Рух керек!» – деп ойлауыңыз мүмкін. Егер сіз мәсіхші болсаңыз, онда сізде Ол әлдеқашан бар: Бірақ Құдайдың Рухы өмірлеріңнен орын алғандықтан, сендер ескі күнәкар болмыстарыңның емес, Құдай Рухының жетелеуімен өмір сүрудесіңдер (‎Римдіктерге хат‎ 8:‎9). Киелі Рух сіздің өміріңізге енді, бірақ, мүмкін сіз өміріңізді Оның жетелеуіне бағындырмайтын шығарсыз. Ол сіздің жүрегіңізде резидент болғанымен президент болмауы мүмкін.

Пауыл екі деңгейлі мәсіхшілер туралы айтады: рухани мәсіхші және тәндік мәсіхші.

1. Рухани мәсіхші. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды (‎Қорынттықтарға 1-хат‎ 2:‎15).

Рухани адам Мәсіхті қабылдады, және оның өмірінің назары Мәсіхке аударылған. Ол күнәсіз емес, басқалар іспетті күнделікті мәселелер мен азғыруларға кезігеді. Бірақ әрбір пайда болатын жайттар мен мәселелерде Мәсіхке сенім арту оның өмір сүру салтына айналған. Оның ұлы қалауы адамдардың қолдауына сүйену емес, Мәсіхке ұнамды болу.

2. Тәндік мәсіхші. «Бауырластарым, осы себептен өздеріңе Киелі Рухқа мойынсұнушылар ретінде айта алмай, ескі күнәкар болмыстарына сүйенетіндер — Мәсіхтің сеніміндегі «сәбилер» ретінде айтуға мәжбүр болдым. Сәбиді сүтпен қоректендіретіндей, сендерге Ізгі хабардың ең негізгі ілімдерін үйретуіме тура келді. Өйткені «қою тамақты» жей алмадыңдар, қазірдің өзінде де жей алмайсыңдар. Себебі әлі де ескі күнәкар болмыстарыңа сүйенесіңдер: араларыңда қызғаныш пен таластың болуы сендердің ескі болмыстарыңа сүйеніп, өз еріктеріңмен жүретіндіктеріңнің дәлелі емес пе?» (‎Қорынттықтарға 1-хат 3:‎1‎-3).

Тәндік – тәннің жетегіндегі адам. Тәндік мәсіхші – бұл сенуші адам (Исаға өз өмірін бағыштағаннан кейін), бірақ оның өмірі өзіне және өзінің мұқтаждықтарына бағытталған. Ол Исаға тиесілі екендігінің кейбір белгілерін көрсетуі мүмкін, бірақ Киелі Рухтың жұмысы оның өмірінде саналы түрде немесе Киелі Рухтың қызметін білеумен бөгеледі.

Тәндік мәсіхшінің рухани мәсіхшіден айырмашылығы неде? Айырмашылығы тәндік мәсіхшіге Мәсіхтің немесе Киелі Рухтың бір бөлігінің жетіспеушілігінде емес – ол дәл рухани мәсіхшінікіндей рухани қорға ие. Бірақ рухани адам мәсіхшіге сай өмір сүру үшін Мәсіхтің күшіне сүйенеді, ал тәндік адам өзінің күшіне сенеді. Өз күшімен мәсіхшіге лайықты өмір сүруге тырысу, бүткіл қала бойымен көлікті итеріп жүргендей бос әурешілік.

Киелі Рухтың жетелеуі

Киелі кітап біздің Рухпен «жетеленетініміз» жайында айтады. Ол дегеніміз Оның айтқанының бәріне мойынсұнуды білдіреді: Ол жетелейді, ал біз ереміз. Қол жетерлік қарапайым. Бірақ, әдетте біреудің бізге не істеу керектігіне нұсқау бергені ұнай бермейді – тіпті Ол Құдайдың Өзі болсада. Ал Киелі Рухқа кенелуіміз Оған және Құдай Сөзіне біздің не істеу керектігімізді көрсетуіне жол беру дегенді меңзейді.

Әр күні бізде таңтау бар: Киелі Рухқтың бізді жетелеуіне жол беру, немесе басқада бір нәрсенің бақылауында болу. Біз үшін болашақтан қорқу, немесе тілегенімізді алғымыз келу, Мәсіхке мойынсұнудан маңыздырақ болып қаладыма? Киелі Рух сізді толтырғанда, Ол сіздің ойыңыз бен іс-әрекеттеріңізді бақылайды. Киелі Рухқа кенелген уақытыңызда сізді жек көру, қорқыныш немесе уайым баурай алмайды. Сіздің жүрегіңізде осыларға орын қалмайды.

«Сондықтан ақымақ болмай, Құдай Иенің еркін біліп алыңдар. Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер!» (‎Ефестіктерге хат‎ 5:‎17‎-18). Ішімдікпен салыстырғанда, Киелі Рухтың бізде жасайтын өзгерістері жасанды емес. Олар уақыт өте келе желмен ұшып кетпейді. Киелі кіпап бұл нық өзгерісті Мәсіхке бағытталған өмір жемісі деп атайды. «Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды» (‎Ғалаттықтарға хат‎ 5:‎22‎-23).

Мен Киелі Рухқа қалай кенеле аламын?

Өмірімізді Киелі Рухқа бағындыру – біздің шешіміміз. Бұл ерікті түрде іске асады, осмос тәсілімен емес. Адамдар тек сыра сататын дүкенде жұмыс істегендіктен немесе жабық сыра шөлмегін қолында ұстағандықтан мас болып қалмайды. Тек ішімдікті ішіне қабылдағанда ғана басы айнала бастайды. Мәсіхші болғандықтан сіз Киелі кітаптың және месіхшілердің ортасында бола тұра, Киелі Рухқа кенелмеуіңіз мүмкін. Немесе толық жалғыздықта қалсаңызда Киелі Рухқа кенелген бола аласыз.

Сіз Киелі Рухтың жетегінде болғыңыз келетіндігін мінажат арқылы білдіре аласыз. Міне мына мінажат маған ұдайы көмектеседі:

«Қымбатты Әке, мен Саған мұқтажбын. Мен өз өмірімді өзім басқарып, сол арқылы саған қарсы күнә жасағанымды мойындаймын. Мәсіхтің айқыш ағашта мен үшін құрбан болуы арқылы менің күналарымды кешіргенің үшін алғысымды айтам. Мен тағыда Мәсіхті менің жүрегімнің тағынан орын алуына шақырамын. Маған Өзің кенелуді бұйырғандай, және мен Өзіңнен сеніммен сұрағанда орындауды Өз сөзіңде уәде еткендей, Мені Киелі Рухыңа толтыршы. Мен осыны Исаның атымен сұраймын. Сенімімнің көрінісі ретінде дәл қазір мені Киелі Рухыңа толтырып, қайта өмірімді басқаратының үшін алғысымды қабыл ала гөр».

Егер шын жүрегіңізбен Киелі Рухтың өміріңізді басқаруын тілеп мінажат етсеңіз, тіпті ешнәрсе сезбесеңіз де, Киелі Рух сізді дәл қазір толтырды. Мәсіхке өміріңізді арнаған сәтіңіз есіңізде ме? Мүмкін, сізде сезімдер кернеген шығар, мүмкін мен сияқты болған шығарсыз – мен Мәсіхті қабылдаған кезде ерекше еш нәрсе сезген емеспін. Мәсіх менің өміріме сезімдердің арқасында емес, Құдай сөзінің ақиқаттығына бола енді. Дәл осы жайт Киелі Рухқа кенелуге де қолданылады.

Кейбір адамдар Киелі Рухқа кенелуде діни мистикалы жайтты бастан кешуді көреді. Бірақ онда ешқандай мистика жоқ. Бұл сеніміңіздің шешімі: Құдайдың Өз Сөзінде айтқанына деген біздің жауабымыз. Киелі Рухқа кенелу сідің сезімдердің бастан кешуіңізге емес, Киелі кітапқа деген сенім артқандығыңызға негізделген.

Үш сұрақ

Киелі Рухтың қызметі біздің мәсіхшілік өмірімізде өте маңызды! Біздің ой санамызда кейбір сұрақтар жауапсыз қалуы мүмкін.

1. Неліктен мәсіхшілердің азы ғана Киелі Рухқа кенеледі?

Қарапайым айтқанда, күнәнің кесірінен. Біз Құдайға мойынсұнбауды таңдаймыз. Бұл тәкаппарлықтың кейпін қабылдауы мүмкін: біз, бәрі біздің дегеніміздей болғанын қалаймыз. Біз Құдайдың біздің қаражатымызды басқаруына жол бермейміз: қаражатты ерен еңбек етіп тапқандықтан олар біздікі.Біз Құдайдың біздің қарым-қатынастарымызды басқаруына жол бермейміз: егер ол бәріне кінәлі болса, неге кешіруіміз керек? Біз Құдайдың біздің жеке адамгершілігімізді басқаруына жол бермейміз: бұл біздің жеке ісіміз, текқана біздің, тіпті Құдайдың Өзіне қатысы жоқ. Біздегі тәкаппарлық осындай тілмен сөйлейді. Киелі жазба былай дейді: «Тәңір мазақтаушылардың өздерін мазақтайды, Ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды» (‎Нақыл сөздер‎ 3:‎34).

Күнә басқа кеіпті де қабылдауы мүмкін: қорқыныштың. Нақыл сөздер мынаны айтады: «Пендеден қорқуы адамға тұзақ құрар...» (‎Нақыл сөздер‎ 29:‎25). Құдай сізден қалайтын, бірақ сіз адамдар сіз жайында не ойлап қалады деген қорқыныштан орындамай жүрген нәрсе барма? Мен қалай өзімнің оңай түрде осылай ойлап кетуім мүмкін екенін білемін: Мен мұны орындамаймын. Мен мұны орындасам ақымақ болып көрінемін. Құдай менен осындай нәрсені сұрауы мүмкін емес. Алайда жиі Ол нақ осындай нәрселер жайында сұрайды.

Нақыл сөзлердің екенші жартысында мынаны үйретеді: «...Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар». Адамдардың қолдауын Құдайдың қолдауынан жоғары қою өте оңай, бірақ шын мәнінде біздің қалауымыз бір Құдайға ұнамды болу емеспе? Біздің өміріміз осы әлемдік адамдардың өмірінен өзгеше болады. Бірақ ол осыған тұрарлық.

2. Менің Киелі Рухқа кенеліп, әлі де күнәмен арпалысып жүруім мүмкін бе?

Бұл сұрақтың жауабы «күнәмен күресу» дегеннің сіз үшін қандай мағына беретініне байланысты! Егер күнаға әрдайым беріліп жүрсеңіз, онда Киелі Рух сіздің өміріңізді басқарып толтыра амайды. Бірақ сіз үшін оның мағынасы: «Киелі Рухқа кенелген өмір жайында білгеннен кейін де күнә жасауым мүмкін бе» деген болса, жауабы сенімді «иә» болады.

Сіз өзіңіздің күнә жасап қойғаныңызды көріп, күніне бірнеше рет сол үшін тәубеге келе аласыз. Бұл рухани әлсіздігіңіздің белгісі емес, бұл сіздің рухани өмір сүріп, тыныс алуыңыздың расталуы. Күнәні байқай білу және ол үшін Құдай алдында тәубеге келуді әдетте «рухани тыныс алу» деп атайды.

Рухани тыныс алуға «дем шығару» кіреді – Құдай алдында күнә жасаған сәтте күнәңіз үшін тәубеге келу. Сіз күнә жасағаныңызды және Құдайдың басқару тағын басып алғаныңызды мойындайсыз. «Дем шығарып», сіз былғанышқа соққы бересіз және сеніммен Мәсіхтің айқыштағы құрбандығы арқылы сізге тиесілі кешірімді қабылдайсыз.

Сонымен қатар, рухани тыныс алу «дем алуды» қамтиды – Құдайдан сізді қайтадан Киелі Рухқа кенелтіп өміріңізді басқаруын сұрау. Есіңізде болсын, Ол сізді күнә жасаған кезіңізде тастап кетпейді. Бірақ сіз Оның жетегіне көнбей кеттіңіз, енді қайтадан соңынан ере бастауыңыз керек. Сіз Оған сенім артуды үйренудесі, және ол үшін уақыт керек.

Үш баламыздың кішісі, кенже қызымыз алдыңғы жылы тәй-тәй басуды үйренді. Ол бірден қолынан келген жоқ. Өзінің бірінші туған күнінде емін еркін төсегінен секіріп түсіп бүлдіршіндерге арналған аэробика жаттығуына баяу жүгіріп барған жоқ. Оның бірінші қадамдары жасқаншақ әрі босаң болды. Ол лай суға құлап, жиһазға немесе киім себетіне соғылумен болды. Бірақ ол берілу туралы тіпті ойлағанда емес. Ақыр соңында оның қадамдары берік әрі нық болды. Ол әлі күнге дейін кейбір кездерде құлап қалады (дегенмен оның ата анасы іспетті!), бірақ ол тұрып әрі қарай жүре бастайды.

Біз күнәға қарсы мықты иммунитетті ешқашан қалыптастыра алмаймыз – күнәдан толық бостандық бізді тек аспанда күтіп тұр. Құдайды жақсырақ білу арқылы, біз өмірге Оның көзқарасымен қарай аламыз, және кейбір салаларда азырақ күнә жасайтын боламыз. Соның өзінде, Мәсіхте бір жыл немесе тіпті жетпіс жыл болсақта, біз күнә жасап, рухани тыныс алуға мұқтаж болатын жағдайлар жеткілікті болады.

3. Ал егер менің өмірім әлі айтарлықтай өзгермеген болса ше?

Сіздің рухани өсуіңіздің деңгейі, Құдай қалаунына сай болар деген ой басыңызға ешқашан келмедіме? Біз екі түрлі мәсіхшіні қарастырдық: тәндік және рухани. Бірақ үшінші түрі де бар: жаңадан тәубеге келген мәсіхшілер. Пауылдың Қорынттық мәсіхшілерге не айтқаны есіңіздеме? «Бауырластарым, осы себептен өздеріңе Киелі Рухқа мойынсұнушылар ретінде айта алмай, ескі күнәкар болмыстарына сүйенетіндер - Мәсіхтің сеніміндегі «сәбилер» ретінде айтуға мәжбүр болдым».

Осыдан бірнеше жыл бұрын Пауыл Қорынт қаласында көбін Мәсіхке әкелген еді. Сол кезде олардан жетілген, рухани мәсіхшілерді көруді күткен жоқ. Бірақ, рухани өсудің қарапайым жолымен және рухани жетілуге қарай жүрудің орнына Қорынттық сенушілер тәндік болып кетті. Егер сіз бірнеше ай ғана сенуші болсаңыз, сіз әлі де «жаңа туылған» мәсіхшісіз – тәндік емес, жай ғана әлі жассыз.

Әр күзде, қыркүйекте, біз орта батыста тұрған уақытымызда, біздің отбасымыз алма жинауға алма бағына баратын. Біз алдымыздан жемістермен толған ағаштардың қатар-қатары кездесетінін білдік. Біз үлкен себеттерімізді піскен, түрлі сұрыпты алмалармен толтыратынбыз.

Бақшаның артқы жағында жемістерінен майысқан деуге келмейтін, қатар ағаштар тұратын. Оларда ешқандай жеміс болмайтын. Бірақ олар өлі емес болатын, олар жай ғана әлі жас болатын. Кейбіреулерінің бойлары бір метргеде жетпеген еді. Жастары үлкен ағаштар пісіп және жемістерінің ауырлығынан майысып тұрғанда, жас ағаштар бір нәрсемен бос емес еді: олар бар ынтамен өсумен болды.

Егер сіздің өзгеруіңізге байланысты сенімді Мәсіхке артып оған мойынсұнсаңыз, сіз Құдайдың еркіне сай қарқынмен өсе бастайсыз. Сізге жеткіліксіз көрінетін жеміске байланысты қиналмаңыз. Мен жас ағаштардың өздерін үлкен ағаштармен салыстырғанын бір ретте байқамадым. Өсу – бұл үдеріс, және осы үдерістегі әр кезеңінің өмірлік маңызы бар.

Менің байқағаным, Мәсіхті тыңдап, өзімді басқа мәсіхшілермен салыстырып қинамаған кезде, мен мәсіхшілік өмірімнен шынайы рахат табамын.

Бұл мақала Стивен Л. Погтың «Сіздің мәсіхшілік өміріңіздің алғашқы жылы» деп аталатын кітабынан үзінді.